Өтетін орны: Шымкент қаласы, Ж.Шанин атындағы қазақ драма театры, Нұрсұлтан Назабаев даңғылы, 6
Авторы:Мұхтар Шаханов
Режиссері:Али Бидахметов
Костюм суретшісі:Арман Темиртасов
Жанр: мелодрама
Жас шектеуі: 14+
Ұзақтығы: 1 сағ. 20 минут
Жүргізілетін тіл: қазақша
«Танакөз» поэмасының негізгі арқауы – достық пен махаббат. Майдан даласында қан кешіп жүрген екі әкенің адал достығы олардың ұрпағына қонды. Екі ананың ақ батасы әкесіз қалған екі ұлдың әрі қарай өсіп-өркендеуіне жол ашты. Басты кейіпкерлердің өмір сүрген ортасымен соғыстан кейінгі шындығы, әкеге деген сағынышы мен анаға деген құрметі, бір-бірінен жан аямас үш достың қарым-қатынасы аясында шығармада сәтті көрініс табады.Екі дос пен Танакөздің арасындағы достық қаншама тар жол, тайғақ кешуден өтсе де, бұзылмады. Бұл – адал достар туралы дастан. Баршаға үлгі болатын жыр. Мұхтар Шахановтың «Танакөз» поэмасы қазақ поэзиясының озық үлгісі ретінде әдебиетіміздің алтын қорына енген жауһар шығармалардың бірі.