Автор:

Премьера күні, жылы: 18.04.2025ж., 19.04.2025ж.

Режиссер: Шағуан Үмбетқалиев

Жанры: Композициялық драма

Ұзақтығы: 80 минут

Жас шектеуі: 10+

Қосымша:

 

«Шымкент қалалық опера және балет театры»   «Күтем сені» атты композициялық драма, классикалық мюзикл қойылымын  еліміздің өскелең болашақ Жаңа Қазақстан жастарына арнай отырып, көрермен назарына жеткізетін болады.  «Күтем сені» қойылымы – хор ұжымының композициялық драма, классикалық мюзикл жанрына жаңа көзқарас. Сюжеттің негізінде екі басты кейіпкер – баритон  мен колоратурлық сопрано  арасындағы махаббат хикаясы жатыр. Олар бір-біріне ғашық болып, бірге ән айта бастайды, сахнада ерекше атмосфера жасайды.