Өткізу орны: Шымкент қ., Назарбаева, 6, ж. Шанин атындағы қалалық Қазақ драма театры
Спектакльдің авторы: Рахымжан Отарбаев
Премьера күні:
Қоюшы Режиссер: Жұмабек Есімов
Қоюшы Суретші: Қалтөре Жұмақұлов
Жанр: Драма
Ұзақтығы: 80 минут
Жас шектеуі: 16+
Қосымша:
Адамзатты бомбасыз да жоюға болады. Азғындық жолымен. Оған апаратын шырмауық жол – нашақорлық. Үмітін үкілеп таққан отбасының жалғызы нашақорлықтың шырмауына шырмалып, ата-анасын ажалынан бұрын мәңгілікке аттануына себепкер болды. Жаһанданудың жалмауызына айналған нашақорлық апатының алдын алуға бола ма? Әлемді ат тұяғымен тітіреткен, егеулі найза қолға алған бабалар ұрпағы бүгінгі таңда не себепті азғындану жолына жеңіл ұшырауда? Қойылым осы сұрақтарға жауап іздейді.Қоюшы