Өтетін орны: Шымкент қ., Назарбаева, 6, ж. Шанин атындағы қалалық Қазақ драма театры
Авторы: Х. Хурсандов
Қоюшы режиссері: Бекболат Құрманғожаев
Қоюшы суретші: Қалтөре Жұмақұлов
Жанр: Комедия
Жас санаты:
Қосымша:
Соңғы кезде «Анаңызға жақсы көретініңізді қашан айттыңыз?» деген қоғамдық сауалнама жүргізілгенде, басым көбі ол жайында ойланбағанын айтты. Иә, ата-анамыз барында отбасы құндылығына жүре қарап, ешқашан ешқайда кетпейтіндей, ештеңе өзгермейтіндей қабылдап, мән бермейтініміз рас. «Қанаттыға қақтырмай өсірген ата-ананың көңіл-күйіне үңілуге мұршамыз жеткілікті ме?..»
Күнделікті күйбең тіршіліктің ағымында жүріп, ата-анасымен жиі кездесуге мұршасы жоқ перзенттер жайындағы танымдық комедия «Қанша жерден жұмысбасты болсаң да, ата-ананың қадірін көзі тірісінде біл» деген ойды көрермен таразысына тастайды.