Шымкент қаласы әкімдігінің бастамасымен ұйымдастырылған «Шымкент жастар лигасы» жобасы жалғасын тапты. Аталған жоба биыл өзінің үшінші кезеңінің шарты бойынша орта білім беру мекемелерінің оқушылары футбол, баскетбол, волейбол, шахмат ойындарынан сайысқа түсіп, өзара таласқа түсетін болады, деп хабарлайды Шымкент қаласының әкімдігі.. ⠀ ⠀
Бүгінгі дүбірлі дода Абай ауданына қарасты № 23 мектеп-лицейінің спорт залында өтті. Жас спортшылар волейбол спорт түрінен ойын көрсетті.⠀ ⠀