Елімізде бесінші рет өткізілетін конкурс туралы БАҚ өкілдеріне баспасөз мәслихатын өткізген Іскер әйелдер қауымдастығының өкілдері айтып берді, деп хабарлайды Шымкент Келбеті Ресми Парақшасы.
Байқауды ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қоры мен Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы және КТК телеарнасы ұйымдастыруда.
«Қайырымдылық керуені» конкурсы қайырымдылық істерді жүзеге асыруға, халықтың азаматтық бастамасын жандандыруға және мейірімділік құндылықтарын дәріптеуге бағытталған. Осы байқау арқылы жыл сайын еліміздің дамуына қомақты үлес қосқан, батыл азаматтар мен меценаттар анықталады.