18+

Диспетчерлік қызмет орталығы қоғамдық көліктердің қызметін үздіксіз бақылайды

фото: facebook.com/shymkent.media

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына қарасты "Диспетчерлік қызмет орталығы" қала аумағындағы қоғамдық көліктерге диспетчерлік қызмет көрсету, кестені сақталуын үздіксіз бақылау және маршруттар бойынша автобустардың қала маңындағы үздіксіз және тұрақты қозғалысын қамтамасыз ету үшін жедел реттеу, сондай-ақ технологиялық процестегі көліктің барлық түрлерімен жолаушылар тасымалдауды үйлестіру қызметімен айналысады, деп хабарлайдыШымкент Келбеті Ресми Парақшасы.

Мекеменің қалалық қоғамдық көліктерін GPS арқылы үздіксіз мониторинг жұмыстарын жүзеге асырудың нәтижесінде жүргізушілер тарапынан бұзушылықтар немесе әдеттен тыс жағдай болу фактілері анықталып, жедел түрде тиісті шаралар қолданылуда. Бұл дегеніміз қоғамдық көлік қызметі саласының едәуір жақсаруына септігін тигізуде.

Сондай-ақ, мекеме қала орталығына шет аймақтарда орналасқан шағын аудандар мен тұрғын алаптардың тұрғындарын тасымалдауды оңтайландыру мақсатында құрылатын жаңа маршруттарды қалыптастыру және бұл маршруттық желіні паспорттау бойынша тиісті жұмыстарды атқарады. Бұл шаралар қаланың шет маңындағы мекендерде орналасқан халықтың орталыққа ыңғайлы түрде келіп-жетуіне көп ықпалын тигізеді.