Бүгін қаламыздағы «Арман алаңы» мүмкіндігі шектеулі балаларды түзету және оңалту инклюзивті орталығында дүниежүзілік сәбилер күніне орай Ашық есік күні өтті, деп хабарлайды Шымкент Келбеті Ресми Парақшасы.
Оңалту орталығында аутизммен ауыратын балаларға кешенді ем-дом жүргізіледі. Орталықта 18 жастан асқан 22 ерекше күтімді қажет ететін балалар келіп, таңертеңнен кешке дейін қажетті емін алады. Онда логопед, психолог-дәрігерлер балаларға көмек берумен қатар, білімге баулып, қоғамнан алыстамауын қамтамасыз етеді.
Алмагүл Кенжетаева – «Рахмет саған, анашым!» қоғамдық бірлестігінің төрайымы. Ол аутизм дертіне шалдыққан екі баланың анасы.