18+

Шымкент жастар лигасында баскетбол ойындары өтті

фото: facebook.com/shymkent.media

Бүгін  №136 мектептің спорт залында «Шымкент жастар лигасның» үшінші кезеңінде баскетбол жарысы өтті, деп хабарлайды Шымкент Келбеті Ресми Парақшасы.

Кестеге сәйкес Д тобындағы №52—№136 мектептер және №56—№23 мектептердің командалары өзара бақ сынасты. 

Сонымен қатар баскетбол ойындары  А.Назарбеков атындағы №87 мектепе — А тобының, №55 мектепте — Б тобы, №49 мектепте — С тобының ойындары өтті.

Айта кетейік, «Шымкент жастар лигасы» жобасы жалпы орта білім беру мекемелерінің оқушылары арасында өтіп жатыр. Сайысқа футбол, баскетбол, волейбол, шахматтан 138 мектептен 514 команда, 5 926 оқушы қатысуда. Лигада командаларды қолдау үшін қатысушы әрбір мектептен фанклубтар құралған.