18+

Түркістан облысында тұрғынның үйінен көкнәр табылды

фото: polisia.kz

Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі құралдарын заңсыз сақтау мен пайдаланудың кезекті дерегін анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша тіркеді. 

Хабарлама бойынша бірден іске кіріскен тәртіп сақшылары, жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктіні, яғни Сарыағаш ауданының тұрғынын ұстады. 

Жедел уәкілдер тінту кезінде оның бөлмесі мен шатырынан құрамында есірткіге ұқсас заты бар орама мен полиэтилен пакетін тапты.

Тәртіп сақшылары тәркіленген заттай дәлелдемелерді сараптамаға жіберді. Қорытындыға сәйкес, ол жалпы салмағы 70 грамнан асатын көкнәр болып шықты.   

Қазіргі уақытта осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.