Түркістан облысы ПД бастығы Мұрат Қабденов жеке құрам қызметкерлерінің ұл-қыздарына арнайы Жаңа жылдық кеш ұйымдастырды. Оқушылар сарайында өткен іс-шара балаларға ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Ең алғаш кішкентай қонақтар үлкен жасыл шырша жанына жиналды. Мұнда ертегі кейіпкерлері, жаңа жылдың символына айналған Аяз ата мен Ақшақар келіп, балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Көңілді мерекені Түркістан облысы ІІО ардагерлер кеңесінің төрағасы Оспанғазы Жанқожаев, Кадр саясаты басқармасының бастығы Мақсат Асқаров ашып, бас полицейдің құттықтауын жеткізді.