Сайрам аудандық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын шағымданды. Жәбірленуші әйел өз арызында 2022 жылдың қазан айында танысына алданып, 140 мың теңге бергенін көрсеткен. Яғни, балаңызға әскери билет шығарып беремін деген уәдеге сенген тұрғын соңында сан соғып қалған, деп хабарлайды Polisia.kz.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алынды. Тәртіп сақшылары алаяқтық жасап, тұрғынды алдаған ер адамды анықтау жұмыстарына шұғыл кірісті.
Нәтижесінде күдіктінің жеке басын анықтап, Полиция басқармасына жеткізді. Ол жауабында кінәсін мойындап, қаражатты өз қажеттілігіне жұмсап жібергенін көрсетті. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның толық мән-жайы анықталады.