Түркістан қаласының Полиция басқармасына алаяқтық қылмысы туралы арызбен Сауран ауданың тұрғыны жүгінді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Жәбірленушінің хабарлауынша, бейтаныс әйел оған 5 миллион теңге қайтарымсыз грант алуға көмектесуге уәде берген. Алаяққа сенген қала тұрғыны 200 мың теңгесін берген. Алайда біраз уақыт өтсе де, қала тұрғыны грантты болмаса ақшаны алмаған.
Бұл жайтты тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеді.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер алаяқтық жасаған күдіктіні анықтады. Ол Кентау қаласының тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта аталмыш алаяқтық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысында күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмысқа қатыстылығы анықталады.