Түркістан облысының үздік тергеушісі “Ерен еңбегі үшін” медалімен наградталды
фото: polisia.kz
09:11, 11 мая 2023 г.
Общество – Бұл марапат қызметімізді бұдан кейін де асқан құлшыныспен орындауға серпін берді. Қазақтан Республикасына қызмет етемін! Антқа адал болу – басты ұстанымым, – деді А.Жолымбекова.
Жалпы, тергеуші қызметі – шыдамдылықты талап ететін, жауапкершілігі мол іс. Нақты дәйектерді жинақтап, қылмыскерді дәл анықтауда тергеушілердің алар орны ерекше. Олардың тергеу нәтижесінен полиция департаментінің жұмысы көрінеді. Ал Алтынай Жолымбекова осындай департаменттің абыройын асқақтатып жүрген тергеуші ару.