1987 жылы Біріккен Ұлттар ұйымының кезекті ассамблеясында 26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні деп бекітілді. Сол уақыттан бері қоғам дертіне айналған есірткімен күрес әлемде тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Осыған орай Түркістан облысы жастарының нашақорлыққа, есірткі бизнесіне қарсы иммунитетін қалыптастыру бағытында “Жібек жолы” саябағында 1 айға жоспарланған іс-шаралардың ашылуы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ауқымды шараға Түркістан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Құрманбек Сахов пен полиция қызметкерлері, облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, адами-әлеуетті дамыту басқармасы, дене шынықтыру мен спорт басқармасының өкілдері мен жастар қатысты.