Түркістан қаласында полицейлер заң бұзушылықтарды анықтау мақсатында рейдтік іс-шараларды үздіксіз атқарып келеді. Мәселен бірнеше апта ішінде құқық бұзған 7500-ден астам құқық бұзушыны анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Оның ішінде алкогольдік ішімдік ішкені және қоғамдық орындарда мас күйінде жүргені үшін полицияға 107 тұрғын жеткізілді. Ал тіркеусіз тұрған 307 құқық бұзушыға шара көрілді. Сондай-ақ нақты тұрмайтын жеке тұлғаларды тіркеуге жол бергені үшін 6 тұрғын үй иесі жауапкершілікке тартылды.
Мәселен Түркістан қаласында уәкілетті органның рұқсатынсыз жұмыс жасап жүрген шетелдік 6 азамат анықталып, елден шығарылды. Сондай-ақ шетелдіктердің жұмыс күшін рұқсатсыз пайдаланғаны үшін жұмыс беруші 4 тұрғынға шара қолданылды.
Сондықтан тұрғындарға “Учаске” профилактикалық шарасы кезінде полиция қызметкерлерінің жұмысына түсіністікпен қарап, талап етілетін заңды әрекеттерді орындауға шақырады.