09:40, 25 ноября 2022 г.
Шымкентте ерлер иіссуын ұрлаған жігіт сотталды
Шымкентте ерлер иіссуын ұрлаған жігіт сотталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Қаратау аудандық сотында 31 жастағы қала тұрғынына қатысты сот үкімі шықты. Ол Шымкент қаласының аумағындағы үйлердің біріне заңсыз кіріп, жатын бөлмесінде тұрған құны 25 мың теңге тұратын ерлер иіссуын жасырын түрде жымқырғаны үшін кінәлі деп танылып, 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі 25 мың теңгені құраған. Тергеу барысында азаматтың бұрын-соңды сотты болғаны анықталды.
Қазіргі таңда сотталушының сотталғандығы жойылмаған. Соған қарамастан, сотталушы пробациялық бақылауында жазасының өтелмеген бөлігін өтей жүріп, түзелу жолына түспей, жаңа қылмыс жасауына жол берген.
Басты сот талқылауында сотталушы өзіне тағылған айыпты толығымен мойындап, өкінетінін жеткізген. Сот сотталушының қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайларын, жасаған қылмысының қоғамға қауіптілігінің сипаты мен дәрежесін, оның жеке басының деректерін ескере келе, ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы (Ұрлық) бойынша азаматқа “бас бостандығынан айыру” түріндегі жазаны қолдану қажет деп тауып, 3,5 жылға үкім кесті.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
15:30
Вчера
14:44
Вчера
13:42
Вчера
12:30
Вчера
Спецтема
Объявления
11:24, 18 ноября
5
11:24, 18 ноября
02:09, 24 ноября
live comments feed...