Видео
10:30, 25 ноября 2022 г.
Шымкент полицейлері 40-тан астам тұрғынды алдаған алаяқты ұстады
Видео
фото: polisia.kz
Шымкент полицейлері 40-тан астам тұрғынды алдаған алаяқты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазан, қараша айларында Абай және Қаратау аудандық Полиция басқармаларына ондаған азамат алаяқтың құрбаны болғанын айтып, арызданған. Жәбірленушілер үйіне белгісіз ер адам келіп, өзін елге танымал ірі компанияның қызметкері ретінде көрсетіп, тегін қызмет ұсынғанын хабарлады. Артынша ол арнайы бағдарламаға тіркеймін деген сылтаумен құрбандарының телефонын алып, олардың жеке мәліметтерін пайдалана отырып, онлайн несие рәсімдеген. Ақшаны жақын туысының есеп шотына түсіріп отырған. Осылайша, жас жігіт 44 сенгіш азаматты алдап үлгерген. Келтірілген шығын көлемі 6 млн теңгеден асады.
Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алып, барлық қажетті жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде Абай АПБ-ның криминалдық полиция қызметкерлері жер серіктік телевизиясының жалған жұмысшысының жеке басын анықтады. Ол Түркістан облысының тұрғыны болып шықты. Тәртіп сақшылары оны Сайрам ауданында тұрғылықты жерінде ұстады. Сондай-ақ күдікті осы жылдың тамыз айында дәл осындай қылмысы үшін үш жылға шартты түрде сотталғаны анықталды. Қазір жігіт сот шешімімен үй қамаққа алынды. Бұл іске қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
15:30
Вчера
14:44
Вчера
13:42
Вчера
12:30
Вчера
09:34
Вчера
Спецтема
Объявления
02:09, 24 ноября
11:24, 18 ноября
11:24, 18 ноября
5
live comments feed...