• Главная
  • Шымкент: «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы басталды
13:40, 27 ноября 2022 г.

Шымкент: «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы басталды

фото: pixabay.com

фото: pixabay.com

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі М.М.Ахметжановтың нұсқауына сәйкес, Шымкент қаласы аумағында «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы бастау алдыдеп хабарлайдыШымкент Полиция департаменті.

Іс-шараның басты мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу, отбасының қоғамдағы рөлін нығайту болып табылады. Сондай-ақ, құқықтық сауаттылықтарын арттыруға бағытталған және қабылданып жатқан шаралармен жалпы халықты таныстыру.⠀

Егер де, Сіз зорлық-зомбылықтың құрбаны болсаңыз:
- Зорлық-зомбылық дерегі туралы шұғыл түрде Полиция департаментінің «102» телефон нөміріне хабарласыңыз немесе жазбаша арызбен жүгініңіз;
- Құқық бұзушыға шара қолдану үшін полиция қызметкерлерінің тұрмыстық зорлық-зомбылық жасалған жерге келулерін талап етуге құқылысыз;
- Жарақат алған жағдайда «103» нөмірі бойынша жедел жәрдем шақырыңыз. Полиция қызметкерлерінен сот-медициналық куәландырудан өтуге жолдама алыңыз.⠀

Сізге, психологиялық және құқықтық көмек көрсетіліп, құқық қорғау органдарының, дағдарыс орталықтарының және басқа да қажетті ұйымдардың байланыс телефондары ұсынылады. Хабарлама бойынша құпиялылық сақталады.⠀Өңірде тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған Дағдарыс орталығы жұмыс істейді. Орталықта зорлық-зомбылық құрбаны болған әйелдер мен балаларға 6 айға дейін орналастырылып қызмет көрсетіледі.⠀

Сіздің өміріңіз бен денсаулығыңызға қауіп төнген жағдайда, Сіз Шымкент қаласында орналасқан дағдарыс орталығыың телефон 87252 273479. +77754351518, 8(7252)551200, 8(7252)551300, 8(7252)377539 нөмірлері арқылы хабарласа аласыз. Сізге көмек көрсетіледі.

Айта кетейік, миллионды қала – Шымкентте қарашаның жиырма бесінен басталған «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» іс-шарасы 10-желтоқсанға дейін жалғасады.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Республикалық акциясы
Объявления
live comments feed...