• Главная
  • «Халық қатысатын бюджет»: қаратауда 26 балалар алаңшасы пайдалануға берілді
13:41, 29 ноября 2022 г.

«Халық қатысатын бюджет»: қаратауда 26 балалар алаңшасы пайдалануға берілді

фото: instagram.com/akimat_shymkent

фото: instagram.com/akimat_shymkent

Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында Шымкенттегі Қаратау ауданында 26 балалар ойын алаңшасы халық игілігіне берілді. Оның көбі «Тұран» шағын ауданында орналасқан, есеп бойынша 20 үй ауласына 9 алаңша орнатылып отыр, деп хабарлайды Шымкент қаласының әкімдігі.

Бұдан бөлек «Нұрсәт» тұрғын алабындағы 6 үй ауласына 3, «Ақжайық» шағын ауданындағы 11 үй ауласына 5, «Асар» шағын ауданындағы 7 үй ауласына 3, «Шымсити» шағын ауданындағы 10 үй ауласына 4, «NewCity» тұрғы үй кешеніне 1, «Асар-2» шағын ауданындағы Жезкиік көшесі аумағына 1 алаңшалар салынды.

Бағдарлама шеңберінде бірқатар ілкімді істер атқырылып, халық тарапынан сенім нығайды. Осы ретте Қаратау аудандық әкімдігі 2023 жылы аудан аумағында тұрғындар ұсынысын ескере отырып, тағы 62 жобаны жүзеге асырмақ.

Еске сала кетейік, бағдарламаның талаптарына сәйкес екі апта ішінде жинақталған ұсыныстар аудан әкімдігі жанындағы «сараптамалық кеңеске» ұсынылады. Сараптамалық кеңес жобалар тізбесін іріктеп, дауыс беру үшін сайтқа орналастырады. Дауыс беру нәтижелері бойынша көп дауыс жинаған жобалар аудан әкімдігі арқылы аталған бағдарламамен жүзеге асырылатын болады.

Жалпы «Халық қатысатын бюджет» - қоғамның қатысуымен әзірленіп, енгізілетін бюджет. Мұның тиімділігі зор. Осы арқылы шаһар тұрғындары қалада болып жатқан әрбір өзгерістерді бақылауда ұстап, өз ұсыныстары мен пікірін білдіре алады. Ал әкімдік тұрғындардың ұсынысы негізінде проблемаларды шешуге және тиімді жобаларды жүзеге асыруға атсалысады.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Балалар алаңы
Объявления
live comments feed...