• Главная
  • Шымкенттің бас полицейі 700-ге жуық азаматты қабылдады
12:15, 3 декабря 2022 г.

Шымкенттің бас полицейі 700-ге жуық азаматты қабылдады

фото: polisia.kz

фото: polisia.kz

Шымкенттің бас полицейі жыл басынан бері 700-ге жуық азаматты қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мегаполистегі криминогендік жағдайды тұрақтандыру, қылмыстық жайттардың себеп салдарын анықтау және “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасын іске асыру мақсатында департамент бастығы әр аптаның сәрсенбісінде жеке қабылдау өткізеді. Ресми ақпарат бойынша Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Қайрат Дәлбеков соңғы 10 айда 700-ге жуық тұрғынды қабылдап, сауалдары мен ұсыныстарын назарға алған.

Шағымданушы азаматтардың көп бөлігі интернет алаяқтық, пәтер ұрлығы және тағы басқа заң бұзушылықтарға қатысты жеке сауалдарын жолдаған.

Сәйкесінше, қала аумағында жыл басынан бері 353 интернет-алаяқтық жайты ашылып, іс сотқа жолданған. Десек те, соңғы кездері жұртқа айласын асырып кетушілер азаймай тұр.

Ал пәтер ұрлығы бойынша жыл басынан бері 529 шағым тіркеуге алынды. Аталған қылмыстың ашылу деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 9,1 пайызға артқан.

Осы тұста полицейлер алаяқтардан барынша сақ болуға және пәтердегі қауіпсіздік шараларын барынша күшейтуге шақырады. 

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Полиция
Объявления
live comments feed...