• Главная
  • Шымкент қаласының 2023 жылға арналған бюджеті бекітілді
15:00, 14 декабря 2022 г.

Шымкент қаласының 2023 жылға арналған бюджеті бекітілді

фото: facebook.com/shymkent.media

фото: facebook.com/shymkent.media

Бүгін Шымкент қалалық мәслихатының кезекті жиырма үшінші сессиясы өтті. Оған Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қатысты, деп хабарлайды Шымкент Келбеті Ресми Парақшасы.

Депутаттар сессия барысында Шымкент қаласының 2023-2025 жылдарға арналған бюджетін бекітті. Қаланың 2023 жылғы бюджеті 533 миллиард теңге көлемінде бекітіліп отыр. Бұл өткен жылы бекітілген бюджетпен салыстырғанда 14 пайызға жоғары. Өсім негізінен жергілікті бюджеттің өзіндік кірістерінің артуының есебінен құралып отыр. Нақты айтар болсақ, Шымкент қаласының өзіндік табыстары 107 миллиард теңгеге артқан.

Сонымен қатар халық қалаулылары Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты мұнан өзге де бірқатар өзекті мәселелерді қарап, тиісті шешімдер қабылдады.

Айта кетейік, сессияны қалалық мәслихаттың хатшысы Бахадыр Нарымбетов ашып, жүргізіп отырды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Қала бюджеті
Объявления
live comments feed...