• Главная
  • Шымкентте бопсалаумен айналысқан қаруланған ер адам құрықталды
14:30, 28 декабря 2022 г.

Шымкентте бопсалаумен айналысқан қаруланған ер адам құрықталды

фото: polisia.kz

фото: polisia.kz

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына қала аумағында бопсалаумен айналысатын қарулы күдікті бар екені туралы жедел ақпарат келіп түсті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер аталған дерек бойынша күдіктіге қатысты жеке мәліметтерді жинақтап, жедел іздестіру жұмыстарына кірісті. Оның бұған дейін ҚР ҚК-нің 125-бабы (Адам ұрлау),126-бабы (Бас бостандығынан заңсыз айыру), 293-бабы (Бұзақылық), 389-бабы (Өзінше билік ету) бойынша сотты болғаны анықталды.

Нәтижесінде Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері арнайы “Қару” операциясын өткізіп, күдіктіні уақытша тұрғылықты мекенжайында қолға түсірді. Ер адамнан Макаров тапаншасы, 3 оқ және жиналмалы пышақ тәркіленді.

Аталған жайт Әл-Фараби АПБ-да ҚР ҚК-нің 287-бабы (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша тіркелді.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктінің атыс қаруын қолдану арқылы басқа да қылмыстарға қатысы бар жоқтығы тексеріледі. Бұлтартпау шарасы тағайындалды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Полиция
Объявления
live comments feed...