• Главная
  • Түркістан облысының тұрғыны дүкеннен телефон жымқырған
13:21, 1 января 2023 г.

Түркістан облысының тұрғыны дүкеннен телефон жымқырған

фото: polisia.kz

фото: polisia.kz

Сауран аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, оның дүкенінде үстел үстінде тұрған телефонын белгісіз азамат жасырын ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 80 мың теңгені құрады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Жоғарыда көрсетілген ұрлық қылмысының ізін суытпай ашу мақсатында саурандық тәжірибелі тәртіп сақшыларынан арнайы топ құрылып, жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Полицейлер жақын аймақтарды аралап, дүкен ішіндегі бейнебақылаудағы жазбаларды тексерді. Куәлардан жауап алды. Нәтижесінде ұрлық жасаған тұрғынның камераға түсіп қалған бейнесі табылды. Ол тұрғылықты мекенжайынан анықталды. Күдікті бұрын сотты болған жергілікті тұрғын болып шықты.  

Белгілі болғандай, сауда жасауға кірген ер адам кассада жасөспірім баланың тұрғанын пайдаланып, оған білдіртпей телефонды жымқырған. Күдікті оны сатып, жеңіл жолмен ақша тапқысы келген. Алайда полицейлердің қырағылығы арқасында арам ойы іске аспай, телефон иесіне қайтарылды.

Түркістан облысында 2022 жылы 226 телефон ұрлығы тіркеліп, оның 160 дерегіне қатысты қылмыстық іс тіркеліп, соңына жеткен. Ал 73 деректің мерзімі үзіліп, телефон ұрлығының ашылымы 70,8 пайызды құрап отыр.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Ұрлық
Объявления
live comments feed...