• Главная
  • Шымкентте қойма күзетшісі құны 3 млн теңгені құрайтын темірді қолды еткен
10:41, 2 февраля 2023 г.

Шымкентте қойма күзетшісі құны 3 млн теңгені құрайтын темірді қолды еткен

фото: polisia.kz

фото: polisia.kz

Абай ауданы полиция басқармасына жергілікті тұрғын шағымданған. Ол өз арызында, өзінің қоймасындағы темірлерді белгісіз тұлғалар жасырын түрде ұрлап кеткенін жазып көрсеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 3 млн теңгені құрап отыр, деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері хабарды алған бойда күдіктінің жеке басын анықтауға бағытталған барлық қажетті шараларды қабылдап, жедел-іздестіру жұмыстарына кірісті. Жан-жақты тексеру жүргізіп, нәтижесінде қылмысқа қатысы бар деген екі азаматты тәулік ішінде қала аумағынан қолға түсірді. Олар Төлеби ауданының 31 және 34 жастағы тұрғындары болып шықты. Білімдері орташа. Бірі – уақытша жұмыссыз, екіншісі сол қойманың күзетшісі екені анықталды.

Тергеу барысында белгілі болғандай, ұсталған азаматтар ұрланған заттарды сатып, жеке бастарының пайдасына жаратпақшы болған.

Қазіргі кезде тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Полиция
Объявления
live comments feed...