• Главная
  • Түркістан облысында тұрғын көршісінің үйіне екі рет ұрлыққа түскен Ақпарат көзі
14:50, 18 октября

Түркістан облысында тұрғын көршісінің үйіне екі рет ұрлыққа түскен Ақпарат көзі

Төлеби ауданында полиция бір үйге екі рет ұрлыққа түскен жас келіншекті анықтады. Фото: polisia.kz

Төлеби ауданында полиция бір үйге екі рет ұрлыққа түскен жас келіншекті анықтады. Фото: polisia.kz

Түркістан облысында тұрғын көршісінің үйіне екі рет ұрлыққа түскен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Белгілі болғандай, күдікті келіншек көршісінің үйіне күндізгі уақытта ұрлыққа түскен. Яғни үй иелері жоқ сәтті пайдаланған ол ашық қалған пластик терезе арқылы ішке кіріп, ас бөлмеде тұрған Redmi телефонын жымқырып кеткен.

Полиция қызметкерлері аталған жас келіншектен 3 ай бұрын дәл осы көршісінің үйіндегі шкафтан алтын бұйымдарын ұрлағанын анықтады. Күдікті ұрлаған алтын бұйымдарды ломбардқа өткізіп, ақшаны бас пайдасына жұмсаған.

Тәртіп сақшылары қолды болған айғақты заттарды тәркілеп, заңды иесіне қайтарды. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Сосед #Дом #Ограбление
Объявления
live comments feed...