• Главная
  • Түркістан облысында тұрғын мас күйінде айдап кеткен көлікпен жол апатын жасады
15:39, Вчера

Түркістан облысында тұрғын мас күйінде айдап кеткен көлікпен жол апатын жасады

Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Фото: polisia.kz

Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Фото: polisia.kz

Түркістан облысында өзгенің көлігін рұқсатсыз айдап, апат жасаған мас жүргізуші қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Төле би аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері автокөлік ұрлығына қатысы бар жергілікті тұрғынды қолға түсірді.

Оқиға таңғы сағат 06:00 шамасында болды. Мас күйде болған ер адам пана іздеп жылынып алу үшін бөтеннің үйінің алдында тұрған Lexus автокөлігін байқап, есігін тартып көрген. Көлік кілттенбеген болып шықты. Осы сәтті пайдаланған ол көлікке кіріп, жылынып алып, шарап ішуін жалғастырған. Артынан көліктің кілтін тауып, айдап кеткен.

Салдарынан ол рөлді басқара алмай, Opel Vektra көлігіне соғылып, жол-көлік оқиғасын жасаған.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#ДТП
Объявления
live comments feed...